«Ядролық қатерсіз әлем» дөңгелек үстел
9 маусым күні облыстық кітапханада Zoom платформасы арқылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу қарсаңында «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арналған «Ядролық қатерсіз әлем» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға белгілі ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Арман Қани, зейнеткер, қоғам белсендісі Сабыров Қаныш Нәдірұлы және Май ауданының тұрғыны, «Невада-Семей» қозғалысының Май ауданы бойынша төрайымы Абылқасова Күләш Тастемірқызы қатысты.
Дөңгелек үстелдің тақырыбына қырық жыл бұрын өткізілген ядролық сынақтардың салдарынан аман қалған адамдардың тағдыры арқау болды. Шара барысында қонақтар полигонның тарихы, зардаптары, құрбандары және «Невада-Семей» қозғалысы жайлы көптеген ақпараттар айтып, ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдардың мәселесі қозғалды. Іс-шараға мұғалімдер, студенттер, кітапхана қызметкерлері қатысты.