«Ұлттық күн» жобасы өз мәресіне жетті

Бүгін «Ұлттық күн» жобасының Қазақ ұлттық ою-өрнегіне арналған соңғы кездесуі өтті. Оқырман қауымға облыстық кітапхана қорынан «Ою-өрнектің әлемі» атты кітап көрмесі, сонымен қатар Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты ұйымдастырған қазақ ұлттық қолданба өнерінің көрмесі ұсынылды. Шебер Гульнара Сартаевна Кайдарованың жетекшілігіндегі лицей оқушылары Нурмаганбетова Аина, Оңғар Әмина, Салимова Диана «Оюлар сыр шертеді» атты танымдық шарада оюлар тарихына саяхат жасап, көрермендерге ұлттық оюлардың түрлері бойынша толық ақпарат берді. М.Канапьянов атындағы жоғары колледж студенттері шеберлік сағатта өз қолымен тақия, қоржындарды оюмен, тас-моншақтармен әшекейлеп, басқа топ құрғақ тәсілмен киіз басу техникасында жеңсіздерге  ою жабыстырды. Кітапхана атынан шеберлерге сертификаттар мен кітап сыйланды.