«Менің заң алдындағы жауапкершілігім» ойын-сауық лотосы
29 тамызда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Менің заң алдындағы жауапкершілігім» атты танымдық ойын-сауық өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Конституция күніне орайластырылды және лото ойын-сауық форматында өтті. Викторина сұрақтарына жауап бере отырып, біздің республикамыздың жас азаматтары еліміздің басты заңының негізгі бөлімдері, ондағы адам құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін тексерді. Жас оқырмандарымыз - Глушаненко Анна, Нефедова Диана және Макен Арман Отан, Конституция туралы өлең айтты.
Сонымен қатар, атаулы күн қарсаңында «Елімнің-Ата заңы» кітап көрмесі дайындалды. Іс-шараның соңында балалар туған жеріміз Қазақстанға бейбітшілік пен гүлдену жайлы ыстық лебіздері мен тілектерін жолдап, «Туған жер, саған тілеймін!» қабырға газетіне жазды.