«Оқырман» клубы

18 қаңтарда «Оқырман» клубының алғашқы отырысы комикс жанрындағы кітаптарға арналды.

Фантастикалық комикстер оқырмандарды қызықты және ғажайып оқиғалар әлеміне жетелейді. Түрлі-түсті және таң қалдыратын суреттер анимэ әлемі жұмбақ әлемді ашады.

Кітапхана оқырмандары комикстердің таңғажайып және жұмбақ әлеміне еніп, «Комикстер әлемі» көрмесіне қойылған кітаптарды талқылады, бұлар К.Миураның «Берсерк», А.Торияманың «Айдаһар шары», «S.H.I.E.L.D агенттері» шығармалары. М.Гуггенхайм, С.Снайдердің «Америкалық вампир» Нью-Йорк таймс бестселлерінің жалғасы, М.Барфилдтің «Комикс астрономиясы» қазақ тіліне аударылған әдебиеттер, Сәлімғали Мырзашевтің «Бейбарыс» комикс кітабын оқып, ойларымен бөлісті.