«Фиалочка» клубының отырысы
15 ақпан «Фиалочка» клубының әуесқой бағбандарының отырысы өтті. Флорист бөлме өсімдіктерін өсіру мен оларды ыңғайлы ұстау үшін топырақ қоспасын (топырақ) құрастыру және дайындау жөніндегі құпиялары және ұсыныстарымен бөлісті. Топырақ дайындау кезінде оның құнарлылығы мен дұрыс компоненттерін ғана емес, сондай-ақ ауа режимін де ойластыру керектігін жеткізді. Гүл тамырларына ауа барып тұруы үшін әртүрлі қопсытқыштарды: сфагнум мүкі, вермикулит, ағаш үгінділері, саз тастар және тіпті пенопластты да қолдануға болатындығын түсіндіріп берді.