«Мастерица» клубының отырысы
12 тамызда «Мастерица» клубының қатысушылары кезекті отырысын онлайн режимінде өткізді. Кездесудегі талқыланған тақырып тоқу өнерімен байланысты болды. Ольга Михайловна Вачугова өзінің оқыған бір мақаласы жайлы бөлісіп, ондағы тоқу іс-әрекетінің ми мен жүрек бұлшықетінің қызметіне пайдалы әсер ететіндігін және сонымен қатар ағзадағы эндорфин деңгейін арттыратыны жайлы айтып берді. Эндорфин - бұл толықтай көңіл толу мен бақыт сезіміне жауап беретін гормон. Әрі қарай бұл хоббиді әйелдер - спицетерапиясы деп атайтын болды. Раиса Мингазисовна Попова мен Татьяна Дмитриевна Стародубцева тоқумен байланысты өздерінің бұйымдарын, ал Юлия Николаевна Дедюра ілмекпен жасалған туындыларын көрсетті.