«Тіл өнері» халық университетінің отырысы
5 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл өнері» халық университетінің кезекті отырысы өтті. Филология ғылымдарының докторы, Инновациялық Еуразия Университетінің профессоры Ғайша Имамбаева «Қазіргі жастар арасындағы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудің тиімді жолдары» атты дәріс оқыды. Дәріс тыңдаушылары №5512 әскери бөлімінің сарбаздары мен Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері болды. Шараға №5512 әскери бөлімінің қызметшілері Аман Рахат, Дүйсенов Дархан, Ермек Жеңісбек белсене қатысып, Ахмет Байтұрсыновтың «Қара бұлт», «Анама хат», «Досыма» өлеңдерін оқыды, «Аққұм» әнін орындады.
Қонақтардың назарына «Тіл - халықтық қазына» атты бейнепрезантация және «Мемлекеттік тіл - ел тірегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.