"ТІЛ ӨНЕРІ" УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ

19 желтоқсанда «Тіл өнері» Халық университетінің отырысында Торайғыров атындағы университеттің профессоры Серік Елікбаев жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 100 жылдығына арналған «Замана перзенті» атты дәріс оқыды.

«Дәрігер адамның тәнін емдесе, жазушы жанын емдейді» деп – сөз қалдырған, санаулы ғұмырында 25 кітап жазған қаламгер Өтебай Қанахин өз оқырмандарын тауып келеді.

Түрлі-түсті металлургия колледжі мен №7 мектеп оқушылары қазақ әдебиетінде Қазақстандағы 30-жылдардағы ашаршылық тақырыбын алғашқылардың бірі болып көтерген жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Шара тыңдармандары үшін «Кең тынысты суреткер» атты кітап көрмесіне әдеби шолу дайындалды.