«Business community» жобасының қорытынды кездесуі
Бүгін облыстық кітапханада «Business community» жобасының қорытынды кездесуі өтті. Креативті шығармашылық орталығы өз әріптестерін - воркшопқа шақырды, оны халықаралық холдингтің HR-директоры, клиникалық психолог, бизнес процестерді оңтайландыру саласындағы сарапшы, «ProCreative» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы, soft skills бизнес-тренері Капенова Жанар өткізді. Қарым-қатынас және тұлғааралық қатынастар жайындағы өзекті тақырыпта өткен тренингте ойын түрінде сұрақтар пысықталды:
1. Тиімді қарым-қатынас және белсенді тыңдау.
2. Қақтығыстарды басқару және дауларды шешу.
3. Командада жұмыс істеу және тапсырмаларды ұжымдық шешу.
4. Эмоционалды интеллект және эмоцияны басқару.
5. Іскерлік қатынастар және желілік байланыс орнату.
6. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу.
Осымен біз 2 жылға созылған жобаны аяқтадық! Барлық кездесулерде алған білім біздің оқырмандарымыз бен әріптестерімізге пайдалы болады деп сенеміз! Біздің қаламыздың барлық кәсіпкер - спикерлеріне өз білімдерімен бөлісуге дайындығы мен жауаптылығы үшін алғыс айтқымыз келеді!