Үшінші бейнелеу өнерінің фестивалі өз мәресіне жетті

Павлодар бейнелеу өнерінің ІІІ-ші фестивалінің үшінші күні Руслан Биляловтың комикстер жасау бойынша қызықты және танымдық шеберлік сабағымен және Арбатта өткен көрмемен аяқталды. Сапалы мастер-класстар, қатысушылардың көтеріңкі көңіл-күйі, алынған жаңа білім - мұның бәрі осындай фестивальдерді өткізуге тұрарлық! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты, өкінішке орай, Арбатты кітапхана фойесіне көшіруге тура келді, павлодарлық суретшілердің туындылары, тоқылған ойыншықтар мен бұйымдар, естелік өнімдері көрмеге қойылды. Ал үш күн бойы біз өнердің таңғажайып түрін тамашаладық, павлодарлықтар керемет көрмелер мен түрлі шеберлік сыныптарына қатысып қана қоймай, Арбатта өз шығармашылықтарын көрсетуге мүмкіндік алды. Біз PavlodART ІІІ фестиваліне қатысқан барлық шеберлерге, суретшілерге және көрермендерге алғыс және "жаңа кездесулерге дейін!» айтамыз