С.И. Жақсыбаевқа «Ғалым. Өлкетанушы. Журналист» атты өлкетану веб-ресурсының тұсаукесері

6 қарашада облыстық кітапхананың «Тұлға. Кітап. Уақыт» атты жобасы аясында С.И.Жақсыбаевқа арналған Екібастұз қ. ОКЖ «Ғалым. Өлкетанушы. Журналист» атты өлкетану веб-ресурсының тұсаукесері өтті.

Интернет-ресурс – Екібастұз аймағының тумасы, өлкетанушы, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты, академик Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының және С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың профессоры, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы С. И. Жақсыбаевты еске алу құрметіне арналған.

С.И.Жақсыбаевтың еңбектері әрдайым оқырманның шынайы қызығушылығын тудырады. Онда біздің өлкеміздің ғана емес, Қазақстанның да тарихы бар. Ғалым-зерттеушінің қаламынан ондаған тарихи очерктер мен мақалалар, жинақтар мен кітаптар туындаған: «Экибастузский каменноугольный бассейн», «Наш «Богатырь», «Минеральное сырье Павлодарской области», «Об этногенезе народа казахского», «Қазақ жайлы сөз», «Записки краеведа» және т.б. Халықта бұндай тұлғаларды: «Өз жерінің ұлы баласы» дейді.

Серік Имантайұлы алғашқылардың бірі болып Екібастұз қаласының Орталық қалалық кітапханасымен авторлық келісім шартқа қол қойып, кітаптарын сандық форматқа көшіріп кітапхана сайтында орналастыруынін рұқсат берген.

Кеште Серік Жақсыбаевтың ұлы, жубайы, немересі, достары, өлкетанушылар, облыстың кітапханашылары қатысты.

Интернет-ресурсты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://lib-ekb.wixsite.com/zhaksybayev