«Жамбыл Жабаев. Сирек кітаптар қорынан» әдеби сағаты
Биыл еліміз қазақ халқының ұлы перзенті, суырып салма ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтуде. Оның есімі қазақ халқының мәдени мұрасының тарихына алтын әріппен жазылған.
24 ақпанда ҚР ҰҚК-нің Павлодар облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлеріне «Сирек қордағы кітаптар» шолуы өткізілді. Халық ақынының 100 жылдығына орай Алматыда 1946 жылы жарық көрген тұңғыш шығармалар жинағына ерекше назар аударылды. Оның құрамына ақынның революцияға дейінгі шығармашылығы, айтыстары, әндері, поэмалары енген.
Қатысушыларға кітапхана залдарына экскурсия өткізілді.