«Жанжал түсінігі, құрылымы және даму динамикасы»
16 мамыр күні облыстық кітапханада «Салауатты өмір салты» клубының отырысы өтті. Павлодар жастар денсаулық орталығының психологтары К. Аипов пен А. Наби Павлодар түсті металлургия колледжінің студенттеріне арналған психологиялық жанжалдар туралы дәріс оқыды, сондай-ақ ой сергіту үшін жаттығулар мен ойындар, «Жанжалдарды шешу» психологиялық тренингін ұсынды. Қонақтарға назарына «Психология – социология конфликта» бейне ролигі көрсетілді.