Жарқын жүздесу
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Ертіс өңірі және Рамазан Тоқтаров» атты әдеби танымдық кеш өтті. Шараға аталған жазушының туыстары Алматыдан онлайн режимде қатысты.
Ал дөңгелек үстел басына жиналған Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері өз ойларын ортаға салды. Шара барысында Рамазан Тоқтаровтың күйеу баласы Шарбақты ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Қаһарман Зағып пен жазушының қарындасы Ғалия Төлешқызы тың деректермен естен кетпес естеліктермен бөлісті. Сонымен қатар жазушының көзін көрген ізбасар інісі, жазушы Ғалымбек Жұматов қаламгердің проза жазудағы өзіндік ерекшеліктерін кең тарқатып айтып берді.