«Жастар – Қазақстанның стратегиялық ресурсы» атты кітап көрмесінің тұсаукесері
9 қаңтар күні балалар әдебиеті бөлімінде «Жастар – Қазақстанның стратегиялық ресурсы / Молодежь – стратегический курс Казахстана» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрменің ашылу салтанатына Павлодар қаласы География үйінің Ефремов филиалының мүшелері – Павлодар ауданы Ефремовка ауылының оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкерлері жиналғандарға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2019 жыл еліміздің жас ұрпағына – жастарға арналғанын, ендігі кезекте жас толқынның алдында аға буынның жасампаздық істерін жалғастыру және өз елін өркендету мен тануды қамтамасыз ету міндеті тұрғанын айтып өтті. Патриотизм, білімділік, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік – бұл қазіргі заман жастарының басты белгілері. Көрмеде жастар туралы әртүрлі әдебиеттер: кітаптар, журналдар мен газеттерден мақалалар, заманауи жас авторлардың иллюстрациялық материалдары мен көркем әдебиеті ұсынылды. Көрме жыл бойы жұмыс істейтін болады.