«Жастардың кітап қалауы» әлеуметтік зерттеу

28 қазан мен 15 қараша аралығында 18-35 жас аралығындағы жастар арасында оқырман сұранысын, оқуға деген ынтасын зерделеу және оқырман қалауын анықтау мақсатында «Жастардың кітап қалауы» атты сауалнама түрінде әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Әлеуметтік зерттеуге 45 адам қатысты.

Респонденттердің 78%-ы жас ұрпақ оқымайды деген пікірмен келіспейді. 80% бүгінде оқу моделі өзгеруде деп санайды. Сонымен қатар, жастар арасында ең көп оқылатын – детектив жанрындағы кітаптар және шетел әдебиеті. Тарихи шығармалар да жастар арасында танымал (35,2 %). Қазақ әдебиетін 30%; фантастиканы 21% оқығанды жөн көреді. Жас ұрпақ «Оқымай табысты болу мүмкін емес» деп санайды. Кейбір жастар «Әдетте «сәнді» деп саналатын кітапты оқудың қажеті жоқ» деген сенімде. Сондай-ақ, кітап бойынша түсірілген фильмді алдын-ала қарау маңызды ынталандыру болып табылады (45%)

Жастардың 57%-ы кітаптың электронды нұсқасын пайдаланады, өйткені ешқайда барудың қажеті жоқ. Неліктен баспа форматындағы кітапты таңдайсыз деген сұраққа – «оқуға ыңғайлы» деп жауап берді – 69%. Кітапты оқи отырып, оқырман «басымен» мәніне еніп, кейіпкерлердің күйзелісін сезіне алады, сипатталғанның бәрін елестете алады. Бұл көп көңіл көтеруге ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіруге оң әсер етуге мүмкіндік береді. Сауалнамаға қатысқандардың 50%-ы аудиокітаптарды тыңдайды.

Таңдау кезінде: «Мен ........ үшін оқимын» «ақпарат алу үшін» деген жауап көшбасшы атанды (42%); 39% - көңіл көтеру және ләззат алу үшін; 27% - интеллектті дамыту үшін; 21% - сабақ үшін.

Қазіргі өмір электронды ақпарат құралдарына толы. Алайда, бұл жастардың көркем әдебиетке қызығушылық танытуына кедергі емес. Әркім кітаптың ең ыңғайлы түрін қалайды: қағаз немесе электронды.

Біз бүгінде қазақстандық және шетелдік түрлі жанрлар мен авторлар жас ұрпақтың мүддесі шеңберіне түсетінін анықтадық. Ең танымалдары – М. Әуезов, А. Нұршайықов, Б. Соқпақбаев, Ш. Мұртаза, Рей Брэдбери, Харуки Мураками, Н. Вуйчич,

Қазақстанда ең көп оқылатын жазушылар – А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, Ғ. Мүсірепов, И.Есенберлин, М.Мақатаев, Д.Браун, Эрих Мэрия Ремарк, М. Лабковский. Сауалнама барысында өзін-өзі дамыту үшін реалистік әңгімелер, повестер, мотивациялық әдебиеттерді оқуға қажеттілік бар екендігі анықталды.

Сонымен, дәстүрлі кітап пен жаңа оқу технологиялары қатар жүреді, бір-бірін толықтырады, бұл жастар арасындағы кітап оқу үрдістерінде оң көрінеді. Көптеген жастар кітап оқу қайтадан сәнді, беделді және қызықты болғанын айтады.


Әлеуметтік зерттеуді жүргізген Т.Алкенова