«ZhaSTAR» билейді
16 мамыр күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында «ZhaSTAR» - қазақстандық-ресейлік жобасын іске асыру шеңберінде «Жас Жұлдыз» атты 4- ші кездесу өтті.
Кеш би өнеріне арналды. Оның басты кейіпкерлері – әр түрлі стильде жұмыс істейтін би өнерінің шеберлері. Классикалық би өнерімен көрермендерді павлодарлықтарға таныс «Грация» дуэты - Филлип Валов және Ульяна Белоградова таң қалдырды. Қазіргі заманға сай би бағыттарында өнер көрсеткен Krump - Антон Шкиль, Hip Hop - Мария Ли, Vogue - Сергей Евдокимов, Вreaking – Тамерлан Муханов келушілердің қызығушылығын тудырды. Жас шеберлер өздері таныстырған би стильдерінің пайда болуы туралы айтып, табыстарының тарихымен бөлісті. Кешті қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде би батлымен аяқтады.