Жасөспірімдерде агрессияның ерекшеліктері
10 қыркүйекте облыстық кітапханада «Салауатты өмір салты» клубының отырысы өтті. Клуб жұмысына Павлодар қаласының №18 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты. Кітапхана қонақтарына арналған психологиялық тренингтің тақырыбы: «Жасөспірімдерде агрессияның ерекшеліктері», шараны «Павлодар жастар денсаулық орталығының» психологы Арыстан Наби өткізді.
Сергітуге арналған жаттығулар мен ойындар ретінде «Себептер немесе салдарлар» психологиялық рөлдік командалық тест ойыны ұсынылды.