Жауқазын жырдың жүрегі
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сүлеймен Баязитовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Жауқазын жырдың жүрегі» атты әдеби-танымдық конференциясы өтті.
Шараға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан, сондай-ақ жергілікті зиялы қауым өкілдері мен ақынның туыстары, ұл-қыздары, қаламгердің кезінде өзі еңбек еткен Кемеңгер орта мектебінің ұжымы қатысты.
Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Серік Елікбай қаламгердің балалар әдебиетіндегі орны туралы айтса, ақын-аудармашы Айбек Оралқан С.Баязитовтың проза жанрында жазған тундылары туралы баяндады.
Шара соңында облыстық С.Баязитов оқуларының қорытындысы шығарылып жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Байқау нәтижесі бойынша Ақсу қаласының үміткері Нұрбол Берікболұлы жеңімпаз атанса, Ертіс ауданынан келген Хайрат Айзере мен Ақуллы ауданының үміткері Азамат Болатбекұлы жүлделі 2-3 орындарды өзара бөлісті. Байқаудың ақтық сынына өткен өзге өнерпаздар әр түрлі аталымдағы номинацияларға ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен, статуэткалармен, дипломдармен марапатталды.