«Жазғы уақытта бөлме өсімдіктерін күту»
25 маусым күні облыстық кітапханада "Фиалочка" гүл өсірушілер клубының отырысы өтті. Аталмыш клуб отырсында жазғы уақытта бөлме өсімдіктері үшін қолайлы жағдай жасау және дайындау тақырыбы талқыланды. Гүл өсірушілердің назарына Елена Владимировна Асеева жазғы уақытта бөлме өсімдіктерін күту технологиясы бойынша өз ұсынымдардын айтты. Гүлдер коллекциясын ыстықтан сақтау үшін сөрелерге, салқын жерге дұрыс орналастыру және бөлмені мүмкіндігінше салқынтаду керек. Гүлдерді салқын сумен бүркеп, өсімдіктердің тамыр жүйесі зардап шекпеу үшін орташа суару керек. Бөлмеде ауа айналымын жасау міндетті шарт болып табылады. Гүл өсіруші қонақтарға үй коллекциясынан «Ян менуэт», «Снежный эдельвейс», «Сокровище пиратов», «Тропикана», «Папина дочка Даша» атты фиалка сорттарын ұсынды.
Кітапхана қызметкерлері "Лето и цветы" атты жаңа кітаптардан құрылған кітап көрмесімен ұйымдастырды.