«Жент» дәстүрлі қазақ тағамы
Павлодар сервис және тамақтану колледжінің өндірістік оқыту шеберлері «Жент» қазақ тағамын дайындау бойынша шеберлік - сынып көрсетті. Бұл дәстүрлі қазақтың тәтті «десерті», оның ерекше дәмін татуға тұрарлық.
Бұл тағам қуырылған ұсақталған бидайды кептірілген сүзбемен араластырып, содан кейін бал, қант және еріген сары май қосып 15 минут пісіреді. Әдетте «Жентті» сүт қосылған шаймен ішеді. Бұл тәтті ғана өнім емес, сонымен қатар өте пайдалы болып келеді. Бұл өнім екі айға дейін сақталады.