«Жоспарлау әдістері мен құралдары» атты мастер-класс
6 сәуір күні облыстық кітапхананың коворкингінде «Business community» жастар жобасы аясында «Жоспарлау әдістері мен құралдары» атты мастер-класс өтті. Тренер ретінде маркетолог Мәди Шаймұратов іс-шараны НЕлекция форматында өткізді. Қатысушылардың негізгі бөлігін колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, атап айтқанда экономика және қаржы саласындағы мамандықтар бойынша білім алушылар құрады. Бірақ бизнес және жоспарлау тақырыбына алғаш рет қызығушылық танытқандар да келді.
Бүгінгі таңда өзін-өзі анықтау, өзін-өзі дамыту біртіндеп адамның жетекші құндылықтарына айналуда. Мақсат қоя білу және осы мақсатқа жетудің құралдарын іздеу маңызды. Сондықтан мастер-класс жоспарлау мен уақытты басқарудың әртүрлі әдістеріне, барлық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге және дұрыс міндеттерді қоюға арналды.
Қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, мысалдарды талқылады. Кері байланыс ретінде олардың әрқайсысы өзінің шынайы пікірін қалдырды. Қатысушылар спикер берген материалдың пайдалылығын, қолжетімділігін және ақпараттылығын атап өтті, ал жүргізуші қонақтарға жағымды әсер қалдырды. Жастар аймақтың үздік жас спикерлерімен, немесе қазіргі тілмен айтқанда «бизнес-тренерлермен» және «коучтермен» одан да көп кездесулер өткізуді ұсынды.