«Жыр алыбы Жамбыл» онлайн-дәрісі
26 ақпанда облыстық кітапхананың «Тіл өнері» халық университеті аясында ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты онлайн дәрісі өтті. Дәрісті ф.ғ.д., Инновациялық Еуразия университетінің профессоры Ғайша Ертайқызы Имамбаева оқыды.
Ғ.Е. Имамбаева Жамбыл Жабаевтың өз заманының ұлы ақындарының бірі болғандығы, шығармашылығы және Жамбыл есімі жаңашылдықтың үрдісінде көш бастайтындығын айта отырып, шығармашылығы әлі де зерттеуді қажет ететін тұлға екендігін айтты. Жамбыл оқуларын, Жамбылтану курстарын ұйымдастыру туралы пікірімен бөлісті.
Дәріспен облыстық кітапхананың әлеуметтік желі парақшаларында таныса аласыз.