Жұмағали Қоғабайдың жаңа кітаптарын таныстыру
29 наурызда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығынында жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын жазушы, журналист, қоғам белсендісі, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Жұмағали Бижанұлы Қоғабайдың «Ғаламтордың әлегі» атты кітабының таныстырылымы және «Тышқанның қулығы» атты жаңадан шыққан, балаларға арналған кітабының тұсаукесері өтті.
Кеш барысында филология ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің әлеуметтік ғылымдар журналистика және ақпарат кафедрасының доценті Елікбаев Серік Төлеубайұлы жаңа кітап туралы айтып өтті. Балалар ақынның «Ғаламтор әлегі», «Тышқанның қулығы» өлеңдерін жатқа айтып берді, сонымен қатар орыс балалар жазушы классиктерінің «Қандай аңғалақ» аудармасы қазақ тілінде экраннан көрсетілді.
«Ақын – елдің ардағы» атты фотокөрме қойылды. Кеш соңында ағамыз өз қолтаңбасымен бөлісті. Бұл шара балалар кітабының апталығы шеңберінде өтті.