«Зорлақ - зомбылықсыз 16 күн» акциясын қолдау
25 қарашада Қазақстанда «Зорлақ- зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды.
«Зорлық-зомбылықтың алдын алудағы гендерлік құқық» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде облыс бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, осы бағытта қаралып отырған мәселенің маңыздылығы, көтерілген мәселенің өзектілігі талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларды қолдау шаралары, Қазақстан Республикасында гендерлік саясаттың қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы және оның даму мәселелері мен перспективалары жайлы айтты.
Іс-шара барысында қатысушылар «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасын жүзеге асыру арқылы отбасылық құндылықтарды қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті, отбасылық қиыншылық жағдайында балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерін көтерді.
Бұл күннің ең өзекті тақырыптарының бірі «Зорлық-зомбылыққа жоқ деп айт!» әңгіменің нәтижесі осындай болды.
Акцияның мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасы-тұрмыстық қатынастар арасында жасалатын қылмыстардың ішінде әсіресе құрбан болатын әйелдер, осындай қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін нығайту.