Облыстық кітапханада "PavlodART" бейнелеу өнерінің II фестивалі басталды
Бүгін, 3 мамырда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада жыл сайынғы "PavlodART" бейнелеу өнерінің II фестивалі басталды. Ол үш күнге созылады. Фестивальді "Шаңырақ би" ансамблінің ұжымы "Дала тынысы" биімен ашты. Сондай-ақ, қонақтардың назарына Лариса Саранчинаның басшылығымен Павлодар политехникалық жоғары колледжінің студенттері дайындаған "Көктем" этно-топтамасы ұсынылды.
Биылғы жылы арт-фестиваль Арбат форматында өтті. Таңертең облыстық кітапхананың алдындағы алаңда "галерея" ашылды. Павлодарлық суретшілері мен қаланың шығармашылық студияларының суреттері 4 алаңға қойылды. Сондай-ақ, ағаштан жасалған мольберттер, планшеттер, бұйымдар мен интерьер заттарын сату көрмесі ұйымдастырылды.
"Сүйікті Павлодар" фотосушкасына әуесқой фотографтардан бастап кәсіби фотографтарға дейін барлығы қатыса алды. 80-ге жуық фотосурет, олардың әрқайсысына автордың аты-жөні және оның тілегі жазылған. Қонақтардың назарына сүйікті қаланың үздік суреттері ұсынылды. Фестиваль қонақтары өздеріне ұнаған фотосуреттерді алуға мүмкіндік болды.
Павлодарлық суретші Татьяна Чевтаева да өз қаласына деген сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізуге тырысты, оның «Менің сүйікті Павлодарым» перформансы фестиваль қатысушылары мен жай ғана өтіп бара жатқан адамдар тамашалады.
«Өнер туындысы - кітап» көрмесі қонақтарды кітапхана қорынан әдемі және ерекше безендірілген кітаптардың үлгілерімен таныстырды.
Үш күн ішінде өнер сүйер қауым Павлодар қаласының шақырылған шеберлерінің бірегей өнер туындыларын тамашалай отырып, шығармашылық диалог пен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алады. Суретші, фотограф, дизайнер немесе мүсінші рөлінде болғысы келетіндерді біз шеберлік сабақтарына қатысуға шақырамыз.
Фестиваль бағдарламасы мен қосымша ақпаратты Сіз облыстық кітапхананың ресми парақшасынан, сондай-ақ 87006863199 нөмірі бойынша біле аласыз.