Ғ. Балтабайдың «Өмір шыңы» атты кітабының тұсаукесері

15 қараша күні облыстық кітапханада Ғалия Балтабайдың «Өмір шыңы» атты кітабы оқырмандарға таныстырылды.

Ғ. Балтабай – Қазақстан журналистикасының ардагері. Радио және телевидения саласында көп жылдар бойы еңбек етті. «Өмір шыңы» - бұл өз архивінде сақталып қалған қолжазбаларынан туындаған еңбек. Астана радиосында қызметте жүргенде талай мәрте Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтан сұхбат алған маңызды кезеңдері жайлы жазылған құнды дүние. Журналист мамандығының қырлары мен сырлары, телеарнаның жұмысын көпшілік біле бермейтін тұстары туралы шынайы жазылған кітап.

Тұсаукесерге Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі А.Қани, профессор Р.Шақаман, Ақсу қаласының Құрметті азаматы С.Қондыкерова, Ғ.Балтабай туралы кітаптың авторы – Ә.Жақсыбай және т.б. келді. Іс-шараға ПМУ –дың болашақ журналисттері атсалысты.