«Ғарыш - FOREVER» танымдық - ойын бағдарламасы
12 сәуір күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Дүниежүзілік Ғарышкерлік күніне арналған «Ғарыш- FOREVER» танымдық - ойын бағдарламасы өткізілді.
№15 мектептің оқушылары ғарышкерлік тарихынан қызықты ақпарат алып, «Вселенная» бейнеролигін тамашалады. Содан соң екі топқа бөлініп, «Навигация», «Ғарыштық хабарларды тану», «Басқа планеталықтармен қатынас», «Ғарыштық алфавит», «Ғарыштық старттар», «Зымыранда ұшу» байқауларына қатысты. Іс-шараның соңында балалар өздерінің қолдарымен зымыран жасап, оны кітапханадағы кездесуден естелік ретінде үйлеріне алып кетті.