Қазақ әдебиетінің ақ сұңқары
22 сәуірде қазақ поэзиясының классигі Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің ақ сұңқары» атты оқырман конференциясы өтті.
Сәкен Сейфуллин – қазақтың бір туар ұлы, қазақ әдебиетінің негізін салушыларының бірі. Өлмес әдеби, мәдени мұра қалдырған ақын, қазақтың ірі қоғам қайраткері, революционер, жазушы, сазгер, әнші, әрі өте сымбатты, сән салтанатын сақтаған сері Сәкен, сұлу Сәкен.
Жазушының өмірі мен шығармашылығын спикерлер- Торайғыров университетінің профессоры, ф.ғ.к. Капасова Бақытгүл Қасымбайқызы және педагогика ғылымдарының кандидаты, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті жанындағы Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің оқытушысы-зерттеушісі Старченко Г.Н. толығырақ таныстырды. Ақынның жырларын сүйіп оқитын 5512 әскери бөлімнің сарбаздары, Павлодар қаласы ҚР ІІМ оқу орталығының тыңдармандары өлеңдерінен үзінділер айтып, әнін шырқады.
Қонақтарға қазақ халқының ұлы ақыны Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлы қаламгер, кемеңгер тұлға» атты кітап көрмесі ұсынылды.