Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көрме

30 сәуір күні облыстық кітапханада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достығы жарасқан ел» көрмесі өтті.  Экспозицияны тамашалауға Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келді. Қонақтар үшін бұл мерекенің тарихына және 50-ден астам басылымдар таныстырылған көрмеге шолу өткізілді. Олар Қазақстан аумағында тұратын халықтар, олардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы ақпарат береді. Көрменің бір бөлігі Қазақстан халқы Ассамблеясына және көпұлтты дамудың қазақстандық үлгісіне арналған. Біздің елімізге халықтарды жер аударту туралы кітаптар қонақтардың қызығушылығын тудырды.