«Қазіргі қоғамда руханияттың дамуы» дәрісі
«Адалдық алаңы» жобасы аясында кітапханалар қабырғасында «Парасат жолы» орталығы жұмыс істейді. Облыстық кітапханада осы орталықтың аясында Мәшһүр Жүсіп мешітімен бірлесіп Өнеге сабағы өткізіліп жатыр. Мақсаты: жастар арасында адамгершілік қасиетті, адалдық пен мәдениеттілікті, ізгілік пен имандылықты, кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікті қалыптастыру және парасаттық идеологиясын ілгерілету, шариғат заңы бойынша жемқорлықтың күнә екенін ескерту.
«Өнеге сабағы» шеңберінде Мәшһүр Жүсіп Мешітінің наиб имамы Елбек Тасболатұлы Қажымұратов қазіргі қоғамда руханияттың дамуы тақырыбында сөз қозғады. Қоғамда руханияттың бес тірегі – тіл, салт-дәстүр, тарих, жерді қорғау, діни ұстанымға мән беру керек екенін тілге тиек етті. Қазақстанның әрбір азаматы қоғамда парасаттылықты қалыптастыру үшін үлес қосу керек.
Бейнежазба кітапхананың әлеуметтік желі парақшаларында қолжетімді.