«ҚИМАШ АҚЫН – ҚИМАС АҚЫН»

Бүгін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада белгілі ақын, өлкетанушы, фольклоршы, фотограф, журналист – Қимадиден Нығмановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қимаш ақын – қимас ақын» атты әдеби-рухани, еске алу шарасы өтті.
Шараға зиялы қауым өкілдері, ақынның ұл-қыздары мен туған-туыстары қатысты.
Кеш барысында Қазыбек Қимадиденұлы әкесі туралы жақсы естеліктер айтты. Ал Қимаш ақынның жиені, айтыскер ақын, өлкетанушы Бейбіт Бөжен Қ.Нығмановтың еңбектері мен шығармашылығына кеңінен тоқталды.
Ақынның немере інісі, Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрының актері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгі иегері Руслан Нығманов кеш иесінің «Анама» атты авторлық әнін орындады.