«Үлкен жүрек» ашық есік күні
15 ақпанда балалар әдебиеті бөлімінде «Баршаға ортақ әлем» библиотерапия бағдарламасы аясында «Үлкен жүрек» ашық есік күні қайырымдылық мерекесі ұйымдастырылды. Оған Павлодар қаласының көпбалалы отбасылары қатысты.
Мереке бағдарламасында «Отбасының сиқырлы жылуы» атты әлеуметтік жобаның тұсаукесері болды, ол шараның мақсаты - көп балалы отбасыларының ата-аналарымен, балаларын бірге кітап оқуға тарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруі. Концертік бағдарламада М.М.Катаев атындағы оқушылар Сарайының шығармашылық ұжымының өнері, «Көңілді отбасылық старттар» спорттық мерекесі, «Шеберлер» шығармашылық шеберханасы, «Үлкен жүрек» шеберлік сыныбы ұйымдастылды. Сонымен қатар, бұл кеште «Біздің мейірімді кино» кинозалында А.Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» атты фильмнің көрсетілімі болды. Кеш соңында барлық қонақтар дөңгелек үстел басында бас қосып, шай ішті.