«Үш кітап – үш тағдыр» әдеби сағаты
25 қазанда облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері №8 мектеп-лицейінде "Зерде" клубының көшпелі отырысы өтті. "Үш кітап - үш тағдыр" атты әдеби сағат жыл сайынғы "Бір ел – бір кітап" акциясына арналды. Балалар Шәкәрім кітаптарының беттеріне саяхат жасап, режиссер М. Бегалиннің "За нами Москва" көркем фильмінен және "Немат Келімбетовтың Үміт жоғалтқым келмейді" бейнефильминен үзінділерді тамашалады.
Мектеп-лицей оқушылары Олеся Ермакова, Әділ Нұрсағатов, Карина Романова және Дарья Быченко Шәкәрімнің "Өзім туралы", "Қош бол халық " өлеңдерін және Б. Момышұлының "Біздің отбасы" атты кітабынан үзінді оқыды. Әдеби сағат "Тарих беттері ұмытылмас" атты шолумен аяқталды.