«Ұлы даланың жеті қыры» кітап көрмесі

8 желтоқсан күні Достық үйінде  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыруға арналған «Сұлтанмамет сұлтан: тарихи сананы жаңғырту мен ұлттық кодты сақтаудағы ұлттық рух пен тәуелсіздіктің бастауларына» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті.

Осыған орай облыстық кітапхана «Ұлы даланың жеті қыры» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме бірнеше ондаған әдебиеттерден құралған Президенттің бағдарламалық тармақтарына сәйкес, онда атқа міну мәдениетінің дамуы, ежелгі металлургия, шеберлердің бұйымдарындағы аң стилінің дамуы, Есік қорғанынан табылған көне ескерткіштер, Ұлы Жібек жолы туралы кітаптар қойылды. Түркі өркениетінің генезисі мен дамуында ата-бабаларымыздың атқарған рөліне арналған бөлім ерекше бөлінген.