«ҰСТАЗ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
4 қазан күні облыстық кітапханада Ұстаздар мерекесі қарсанында Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізін қалаушылардың бірі, «Құрмет Белгісі» орденінің кавалері, ұстаз – Мұсахан Қанапияұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Ұстаз» кітабының тұсаукесері болып өтті.
М. Қанапияұлы туралы естеліктерімен қызы Раушан - саяси ғылымдардың докторы, «Еуразия әйелдері форумы» РҚБ Үйлестіру кеңесінің төрағасы, Ресей Мемлекеттік Думасының ұлттар істері жөніндегі қоғамдық сараптау комиссиясының мүшесі, және «Еуразиялық мәдениет қоры» қоғамдық қорының вице-президенті – немересі Шыңғыс Қанапьянов, тәлімгері Т.Окольничья және журналист Г.Жуматов бөлісті. Аталмыш тұсаукесерге Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.Бегентаев, Қазақстан жазушылар Одағының облыстық бөлімшесінің басшысы А.Қани, тарих ғылымдарының докторы С.Мамытова, Сұлтанбет сұлтан атындағы қордың директоры Ж.Камзин атсалысты.