«ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУДІҢ СЫРЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ОТЫРЫС

12 қыркүйек күні облыстық кітапхананың «Жанашыр» орталығында «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сінің емделушілеріне арналған «Ұзақ өмір сүрудің сырлары» тақырыбына дәріс өткізілді. «Центр поддержки ЗОЖ» ЖШС-нің өкілі Б. С. Суйеукенов қонақтармен салауатты және ұзақ өмір сүру жөніндегі кеңестерімен бөлісті және де өмір сүру сапасы мен ұзақтығына әсер ететін факторларға толығырақ тоқталып кетті.

Қонақтарды туберкулез дертінің алдын алу шараларымен қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің бас маманы А. К. Есжанова ақпараттандырды. Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін дайындап, библиографиялық шолу жасады.