Ә.Балғожинмен кездесу кеші
17 қаңтар күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Қазақстан энергетикасының дамуына сүбелі үлес қосқан, Павлодар қаласының құрметті азаматы - А.М. Балғожинмен кездесу өтті. Қазіргі уақытта Тілеуімбет батырдың ерлігін насихаттау мақсатында қоғамдық жұмыстармен айналысуда. Өзінің қылқаламынан туған шығармаларында өмірлік және өндірістік тәжірибелерімен бөліседі. Оның әңгімелері, публицистикалық мақалалары, романдары республикалық және облыстық газеттер мен журналдарда жарық көріп, жеке басылымдармен шықты. Іс-шараға Қазақстан жазушылар одағының мүшесі А.Алақанұлы, ПМУ профессоры С.Стамбеков, белгілі журналист Ш.Байғалы және т.б. қатысты. Кездесуге Ә.Балғожиннің достары, туысқандары сонымен қатар политехникалық колледж студенттері мен №7 ОМ оқушылары қатысты.