Әдеби- музыкалық кеш «Афганский ветер Казахстана»
11 ақпан күні облыстық кітапханада «Афганский ветер Казахстана» әдеби- музыкалық кеш өтті. Бұл іс-шара Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерлерінің шектеулі континентінің толықтай шыққанына 30 жыл толуына арналды. Кешке Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің өкілдері, «Истоки» клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары, оқу орындарының студенттері жиналды.
Михаил мен Зулейха Сербиндер авторлық «Белые птицы», «Вот и все», «Я прошу тишины» әндерін, сондай-ақ Ауған соғысының ардагері, Павлодар облысының тумасы Александр Казаков пен Кенжебай Әміровтың сөзіне жазылған әндерді орындады. «Истоки» клубының ақындары Ауған соғысы тақырыбына жазылған өлеңдерін оқыды. «Афганистан в моей душе» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, соғыс ардагерлері- батырлары туралы бейнеролик көрсетілді.