«ӨЛКЕТАНУ САБАҒЫ» АТТЫ ДӘРІС

20 қыркүйек күні облыстық кітапханада 2018 жылдың айтулы оқиғасы – мемлекет, қоғам қайраткері, фольклоршы, этнограф, заманынан озып туған ер тұлға Мұса Шормановтың 200-жылдық мерейтойына арналған «Өлкетану сабағы» атты дәріс өткізілді. Аталмыш іс-шараға «Рухани жаңғыру» ғылыми – тәжірибелік орталығының директоры М.Х. Рахимжанова қатысты.

Б. Ахметов атындағы Павлодар Педагогикалық колледжінің оқушыларына Майдаш Хисматовна Мұса Шормановтың қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы және күнделікті өмірі туралы еңбектері жөнінде, сарқылмас білім көзіне жас баянауылдықтарды баулығаны туралы және халқын қара түнектен шығарып білім берудегі қажымас еңбегі жайлы айтып берді. Іс-шара барысында біртуар жерлесіміз жөніндегі жаңа әдебиеттер мен бейнематериалдар қолданылды.