«Өнерімді еліме арнаймын» шығармашылық кеш
20 маусым күні ақын, журналист, Қазақстан журналистер және жазушылар Одағының мүшесі, Май ауданының Құрметті азаматы Ғабит Сапаровтың 65 жылдығына арналған «Өнерімді еліме арнаймын» атты шығармашылық кеш өтті.
Ақын Ғабит Сапаровты мерейтойымен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы М. А. Тауасқан, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының төрағасы С.Елікбай, Павлодар облыстық Журналистер одағының төрағасы Б. Аманбай, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ш.Байғалы, айтыскер Б.Мұқажанов, белгілі суретші- Ө.Шоранов, композиторлар А.Абдрахманов, Ж. Балкенов, Май аудандық маслихатының өкілдері М. Қызырұлы, Б. Ескендіров және т.б. көптеген зиялы қауым өкілдері, жерлестері, туыстары құттықтады.
Шығармашылық кеште ардагер, әуесқой композитор Балкенов Жанұзақ ақын Ғабит Сапаровтың сөзіне жазылған «Құтты мекен» әніне түсірілген бейнеролик көрсетті, бірнеше әндерін «Жеңеше-Ай» дуэтінің әншісі Саят Сапаров, әнші Сапаров Ризабек, А.Байтұрсынов атындағы мектебінің ұстаздары және т.б. әншілер орындады.