Тіркеу тәртібі
Кітапхана тұрғындардың барлық санатына қызмет көрсетеді. 16 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының немесе қамқорлыққа алған адамдардың рұқсаты негізінде балалар бөлімінде қызмет көрсетіледі (Луначарский көшесі 9/2).
Соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектертерге қызмет кезектен тыс көрсетіледі. Кітапханаға жазылу үшін азаматтар жеке төл құжатын немесе оны ауыстырушы (студент билеті, зейнеткер куәлігін т. б.) құжатты көрсетіді.
Павлодар және Павлодар облысында тұрақты тіркелген тұлғаларға электронды оқырман билеті беріледі. Егер электронды билет жоғалған жағдайда басқасын алу қажет. Егер келуші бір себептерден кітапхананың тұрақты оқырманы болғысы келмесе, төл құжаты бар болса, біржолғы рұқсаттама алуға болады.
Кітапханаға келгенде берілген бақылау парағы, кітапхана бөлімдерінің қызметін пайдалануға құқық беретін құжат болады.
Жылына бір рет оқырмандар қайтадан тіркеленеді.