"Ерлікке тағзым" виртуалдық музейі
Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толады. Зұлмат жылдар туралы Ұлы Отан соғысының қатысушылары, тарихшылар, өлкетанушылар, жазушылар мен ақындар көптеген естеліктер мен шығармалар жазды. Елім деп от кешкен ерлердің есімдерін мәңгілік есте сақтау мақсатында облыстық кітапхана 1941-1945 жылдардағы оқиғалар туралы кітаптар, соғыс жылдарында шыққан мерзімді басылымдар, фотосуреттер, марапат қағаздары мен хаттарды бірыңғай электрондық дерекқорға жинауға шешім қабылдады.
Толығырақ«Салауатты Павлодар» электрондық ресурсы
Жоба Павлодар облысының денсаулық сақтау саласына арналған. Жобаның мақсаты – өңіріміздің денсаулық сақтау саласының тарихы мен дамуын ашу, көрнекті дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбегі, медицина жетістіктері туралы айту, медициналық мамандықты танымал ету, мамандықтың беделін көрсету. Жоба облыстың барлық ірі медициналық мекемелері туралы тарихи және заманауи ақпаратты қамтиды. Жоба үнемі жаңа мәліметтермен, материалдармен, басылымдармен, ғылыми еңбектермен толықтырылатын болады.
ТолығырақКоронатерапия немесе павлодарлық кітапханашылар карантиндік уақытты тиімді өткізуді ұсынады
Орын алған жағдайға байланысты бүгінде қоғамдық жерлерге, әсіресе - ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салынуда. Көктемнің мамыражай күнінде үйде омалып отыру әрине қиын. Адамдар далада көбірек жүріп, бой жазып, киноға немесе басқа да қоғамдық орындарға барғысы келетіні түсінікті. Бірақ бұл жұқпалы ауру кезінде адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Сақ болған жөн.
Толығырақ«Америкалық мәдениет орталығы» жобасы
Америкалық орталықтар және бұрыштар – ол кішігірім кітапхана, америкалық үлгі бойынша жасалған, олардың міндеттері – өз оқырмандарына және қызығушылық білдіргендерге АҚШ туралы ақпарат беру арқылы біздің мемлекет арасында өзара түсүністігінің жақсаруына жағдай жасау.
Толығырақ«Тілтаным» мемлекеттік тілді оқыту мен дамыту бойынша ресурстық орталығы» жобасы
Мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асыруға ықпал жасау; тілді үйренуге көмектесетін ақпараттық ресурстарға азаматтардың қолжетімдігі.
Толығырақ