Жаны жарық жұлдыздар

Акын жырларындағы ой-сезімдер шанағына сыймай тасып төгіліп жатқандай әсер қалдырады. Қаламгер шығармашылығы космогониялық құбылыстар мен жердегі тіршіліктің арасындағы ішкі байланыс құпияларынан сыр тартатын соны, тосын өрнектерге толы жаңашылдығымен ерекшеленеді.
«Ахметтің айыбы» поэмасы Алаш арысының өнегелі өміріне арналса, «Кермененің кемелденуі» поэмасы ғылым мен ар жолы тұтастығының адамзат үшін маңызы жөнінде сыр аңғартады.