«Жанашыр» жобасы (2002-2003 жж.)
«Ашық қоғам» институтының гранты
Будапешт қаласы
«Жанашыр» жобасының басым бағыты - әлеуметтік қорғалмаған халықтың азқамтылған тобтары : зейнеткерлерге, жұмыссыздарға, мүгедектерге, балаларға қызмет етуге бағытталған.
Жоба мақсаттары: халықтың әлеуметтік осал тобы үшін мәдениет құндылығына қолжетімді ету және кітапханалық- ақпараттық қызметін жетілдіру, кемтарлар үшін сервисті жақсарту, қоғамда олардың әлеуметтік бейімделуіне көмек жасау.
Жобаны жүзеге асыру үшін ұсынылады:
- әлеуметтік- құқықтық ақпарат орталығын ашу (ОБӘҒК);
- «Көмек» мүгедектер қоғамында және «Оптимист» қалалық ерікті мүгедектер қоғамына қызмет ету: қоғамда жылжымалы оқу залдарының жұмысын жалғастыру;
- Өнер бөлімінде бейне клуб жұмысын жалғастыру;
Келесі бағыттарда бағдарламалар дайындалған:
- «Золотой век» бағдарламасы - егде жастағы адамдарға қызмет көрсету;
- ««Жылжымалы оқу залы» бағдарламасы;
- «Помоги себе сам» бағдарламасы - жұмыссыздарға қызмет көрсету;
- «Солнышко» бағдарламасы кітапханаға келуге мүмкіндігі шектелген балаларға қызмет көрсету;
- «Я – ты- проблема общения» бағдарламасы – балалар үйінде тәрбиеленушілеріне кітапханалық қызмет көрсету
«ЗОЛОТОЙ ВЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама мақсаты: егде жастағы адамдарға ерекше көңіл аудару, осы топқа арналған көпшілік шаралар циклын ұйымдастыру.
Бағдарлама серіктестіктері: Ардагерлер кеңесі, әлеуметтік қорғау органдары, жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарды қолдау қоры.
«ЖЫЛЖЫМАЛЫ ОҚУ ЗАЛЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама мақсаты: Кітапханаға келуге мүмкіндіктері шектелген пайдаланушылар үшін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қорынан станционардан тыс құжаттарды алу құқығын қамтамасыз ету және жайлы жағдай жасау.
Бағдарлама серіктестіктері: «Оптимист» қоғамы, «Көмек» қоғамы
«ПОМОГИ СЕБЕ САМ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама мақсаты: Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңының жаңа құжаттарымен таныстыру, іскерлік ынтымақтастық орнату, жұмыс іздеуге көмектесу.
Бағдарламаны жүзеге асырудағы серіктестіктері: тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету қалалық орталығы, Қазақстан Республикасының жастар одағы, іскерлік әйелдер ассоциациясы.
«СОЛНЫШКО» БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама мақсаты: мүгедектерге кітапханалық қызмет көрсету, оқырмандардың іс-әрекетін ынталандыру, балалар шығармашылығының дамуына ықпал жасау.
Серіктестері: «Ертic» балалар қоры, «Самал» сауықтыру балалар орталығы.
«Я - ТЫ- ПРОБЛЕМА ОБЩЕНИЯ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама мақсаты:
Жасөспірімнің оқуда, қоғамда, жеке өмірінде пайда болған проблемаларды шешуге көмек көрсету, эстетикалық категориялар, адамгершілік қағидасы туралы түсінік беру.
Серіктестері: Жастар одағы, «Юнола» жастар бірлестігі, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.
«Тет - а- тет» клубы(қыздарға арналған)