Наурыз мейрамына арналған этнографиялық кеш
19 наурыз күні Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Наурыз тойы - мереке, салт-дәстүрім – береке» атты этнографиялық кеш ұйымдастырылды. Облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің жаңартылған кеңістігі мен облыстық кітапхананың «Өркен» этно-залының тұсаукесері өтті. «Сағым жылдар» вокалдық ансамблінің мүшелері мен ансамбль жетекшісі Бақытжамал Елеукенова балаларға қатысты қазақ елінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын көрсетті.
Мерекелік бағдарламаны оқырмандар мен «Белсенді ұзақ ғұмыр» орталығы мүшелерінің шығармашылық қойылымдары жалғастырды. Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің шешен-ингуш филиалының оқушылары көктемді қарсы алудың ұлттық дәстүрлеріне тоқталып, өз халқының ән-жырларын орындады.
Іс-шара ұлттық дәммен аяқталды. Қатысушылар наурыз-көже мен бауырсақтан дәм татты.