Storytelling. Хикаяны қалай қызықтырып айту керек?

20 қаңтарда «Storytelling. Хикаяны қалай қызықтырып айту керек?» атты іс-шарасы өтті.

Іс-шараға «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты мен «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының» оқушылары қатысты.

Шара барысында қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу теориясы туралы білімдерін тереңдете түсті. Сторителлингтің кең таралған әдістерімен бейнесюжеттер арқылы танысып, А. Шварцнегер мен С. Джобс сынды әлемге танымал тұлғалардың көпшілік алдында сөйлеген сөздеріне талдау жасады. Шара соңында балалар өздерінің хикаяларын айтуға тырысты. Қатысушылар назарына кітап көрмесіне шолу жасалды.

Іс-шара қызықты да, танымды болды.