QR-kітапхана

Мобильді кітапхана құру идеясы екі жыл бұрын туындаған. Біз оның өлкетану бағытында болғанын қаладық. Кітапхананың кітап қоры Ертістің Павлодар өңірінен шыққан қазіргі кезеңдегі авторлардың шығармаларынан құралады, олармен авторлық келісім шарт жасалған. Мобильді кітапхана қарапайым стендтан тұрады, онда кітап сөрелері көрсетілген. Әр басылымның мұқабасында жеке QR-код басылған. Әр оқырман өзінің мобильді құралдары арқылы ұнаған шығармаларды электронды түрде ақысыз көшіріп алуларына болады. Бұл үшін тек арнаулы QR Code Reader қосымшасын немесе көптеген интернат-сайттардағы ақысыз қолжетімді басқа қосымшаларды пайдаланып, (жүктеу туралы инструкция берілген) таңдаған кітаптың QR-кодын сканирлеу керек.

Толығырақ

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың виртуалды энциклопедиясы

«Сұлтанмахмұт Торайғыров» виртуалды энциклопедия жобасы Ғаламтор пайдаланушыларының барлығы үшін қызықты болады. Бұнда Торайғыровтың қоғамдық қызметі, өмірбаяны және шығармашылығы, Павлодар Ертіс Өңірімен байланысы туралы мағлұмат алуға болады. Энциклопедиялық ресурс «Әдеби мұрасы», «Қоғамдық қызметі», «Замандастары Торайғыров туралы», «Торайғыровтану», «Ақын есімізде ...», «С. Торайғыров өнерде», «Торайғыров жерінде», «Библиография», «Фотогалерея» атты бөлімдерден тұрады.

Толығырақ