БІР ЕЛ – БІР КІТАП

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықласын көтеру, сонымен қатар жас өспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.

"«Бір ел - бір кітап 2024». Бердібек Соқпақбаев

"Бір ел-бір кітап" - 2023. Төлен Әбдіков шығармаларын бірге оқиық!

"Бір ел - бір кітап" - 2022. «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдеби шығармашылығы»

"Бір ел - Бір кітап" - 2021. "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап"

"Бір ел - Бір кітап" - 2020. Жыл кітаптары: Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың "Ұстаздың оралуы" романы

"Бір ел - Бір кітап" - 2019. Жыл кітаптары: Ә.Кекілбаев "Аңыздың ақыры", Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы

"Бір ел - бір кітап" - 2018. Жыл кітаптары: Келімбетов Н. "Үміт үзгім келмейді", Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя", Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясы

"Бір ел - бір кітап" - 2017. Жыл кітабы - С. Торайғыровтың шығармалары

"Бір ел - бір кітап" - 2016. Жыл кітабы - Д. Бабатайұлының шығармалары

"Бір ел - бір кітап" - 2015. Жыл кітабы - І. Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы

"Бір ел - бір кітап" - 2014. Жыл кітабы - С. Мұратбеков "Жусан исі" және "Басында Үшқараның..."

"Бір ел - бір кітап" - 2013. Жыл кітабы - Ф. Оңғарсынова "Дауа"

"Бір ел - бір кітап" - 2012. Жыл кітабы - О. Бөкей. О. Бөкей шығармалары

"Бір ел - бір кітап" - 2011. Жыл кітабы - Ж. Аймауытов "Ақбілек"

"Бір ел - бір кітап" - 2010. Жыл кітабы - Ж. Молдағалиев "Мен - қазақпын"

"Бір ел - бір кітап" - 2009. Жыл кітабы - М. Жұмабаев. М. Жұмабаевтың лирикасы

"Бір ел - бір кітап" - 2008. Жыл кітабы - М. Әуезов "Қилы заман"

"Бір ел - бір кітап" - 2007. Жыл кітабы - Абай "Қара сөздер"